Тантум Верде® (3 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Тантум Верде®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Соруға арналған таблеткалар, 3 мг
Фармакотерапиялық тобы
АТХ коды: R02AX03
Қолданылуы
Орофарингеальді аумақта ауыру мен тітіркенуді симптоматикалық емдеу.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар
- фенилкетонурия.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Егер сіз қандайда бір басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз, жақында қабылдағаныңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін екенін өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Арнайы ескертулер
Бензидаминді салицил қышқылына немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды.
Қазіргі уақытта немесе анамнезде бронх демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуінің дамуын күтуге болады. Мұндай пациенттерде препаратты сақтықпен қолданған жөн.
Кейбір пациенттерде буккальді/фарингеальді аумақта ойық жараның пайда болуын күрделі патологиялық үдерістер туындатуы мүмкін. Осыған байланысты 3 күннен кейін симптомдары азаймаған немесе күшейген, сондай-ақ дене температурасы жоғарылаған немесе басқа симптомдары пайда болған пациенттерде дәрігерге қаралған немесе стоматологқа барған жөн.
Осы дәрілік препараттың құрамында аспартам - фенилаланин көзі бар. Фенилкетонуриядан зардап шегетін адамдар үшін зиянды болуы мүмкін.
Осы дәрілік препараттың құрамында изомальтаза бар, сондықтан фруктоза жақпаушылығы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қабылдамаған жөн.
Бұл дәрілік препарат құрамында балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған сары хинолин (Е104) және индигокармин (Е132) бояғыштары бар.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде бензидаминді қолдану қауіпсіздігі бойынша зерттеулердің деректері жоқ немесе шектеулі сипатқа ие, ал зерттеулердің деректері препараттың ұрпақ өрбіту уыттылығын сипаттау үшін жеткіліксіз.
Тантум Верде® препаратын жүктілік кезінде қолданбаған жөн.
Бензидаминнің емшек сүтіне бөлінуіне қатысты деректер жеткіліксіз. Тантум Верде® препаратын емшекпен емізу кезінде қолданбаған жөн.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозада қолдану кезінде Тантум Верде® препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеусіз әсер етеді немесе тіпті әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектерге: соруға арналған бір таблеткадан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Орофарингеальді қолдану үшін.
Таблетканы ауызда баяу сору керек.
Жұтуға болмайды. Шайнауға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емнің ұзақтығы 7 күннен аспауы қажет.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары
Егер сіз кездейсоқ соруға арналған таблеткаларды тым көп қабылдасаңыз, дереу фармацевтпен, өз дәрігеріңізбен немесе жақын жердегі жедел жәрдем ауруханасымен хабарласыңыз. Соруға арналған таблеткалардың қалғанына немесе қалмағанына қарамастан, әрқашан өзіңізбен дәрісі бар таңбаланған қаптаманы алып жүріңіз.
Осы дәрілік түрдің артық дозалануы туралы хабарламалар түскен жоқ.
Дегенмен, балаларда таблетка дозасынан шамамен 100 есе асатын дозаларда бензидаминді пероральді қабылдағаннан кейін қозу, құрысу, тершеңдік, атаксия, тремор және құсу өте сирек байқалған.
Емі
Жедел артық дозалану жағдайында тек қана симптоматикалық емдеу көрсетілген; құстырту арқылы асқазанды тазалау немесе асқазанды шаю керек; пациентті мұқият бақылау және демеуші емді тағайындау қажет. Пациенттің тиісті гидратациясын қамтамасыз ету керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз реакциялары олардың пайда болу жиілігіне байланысты бөлінген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10 000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10 000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Сирек
- ауыз қуысындағы күйдіріп-ашыту, ауыздың құрғауы
Өте сирек
- ларингоспазм
- ангионевроздық ісіну
Жиі емес
- фотосезімталдық
Жиілігі белгісіз
- анафилаксиялық реакция
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
- ауыз қуысы тіндерінің гипестезиясы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 3 мг бензидамин гидрохлориді, бұл 2,68 мг бензидаминге баламалы;
қосымша заттар – изомальтоза (Е 953), левоментол, аспартам (Е 951), лимон қышқылының моногидраты, жалбыз хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші, сары хинолин бояғышы (Е 104), индигокармин бояғышы (Е 132).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасыЖасыл, жартылай мөлдір, ортасында ойығы бар жалбыз-лимонға тән иісті төртбұрышты таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Әрқайсысы парафинделген қағазға оралған 10 таблеткадан үш қабатталған полиэтиленнен/қағаздан/алюминийден жасалған орамға салады.
Әрқайсысында 10 таблетка бар 2 орамнан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
ДИШ АГ, Швейцария / DISСH AG, Switzerland
Мекенжайы: Банхофштрассе 21, 5504 Отмарсинген, Швейцария / Bahnhofstrasse 21, 5504 Othmarsingen, Switzerland
Телефон: +41 62 887 20 00
Факс: +41628872005
Электронды пошта мекен-жайы: info@disch.ch
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Азиенде Кимике Риуните Анжелини Франческо А.K.Р.А.Ф. С.п.А., Италия/
Aziende Chimiche Riunite Angelini Francesco A.C.R.A.F. S.p.A., Italy
Мекенжайы: Виале Амелия 70, 00181 Рим, Италия/ Viale Amelia 70, 00181 Rome, Іtaly
Телефон: 0039 0691045515
Факс: 0039 0678053291
Электронды поштасы: cesare.costa@angelinipharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік зат жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Registrarius» ЖШС. Қазақстан Республикасы, 050036, Алматы қ., Мамыр-1 ықшам ауданы, 29 үй, 159 пәтер. Тәулік бойына телефон: +7-727-313-12-07; e-mail: info@registrarius.org
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Registrarius» ЖШС. Қазақстан Республикасы, 050036, Алматы қ., Мамыр-1 ықшам ауданы, 29 үй, 159 пәтер. Тәулік бойына телефон: +7-717-272-72-31; e-mail: pv.kz@biomapas.eu